Ұлттық тестілеу орталығы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 1992 жылы құрылды. ҰТО қызметінің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі білім сапасын техникалық-ұйымдастырумен қамтамасыз ету және студенттер контингентін қалыптастырудың жаңа үлгісін енгізу.

ҰТО оқушылардың, студенттердің және магистратураға, докторантураға үміткерлердің білім сапасын бақылау, білім жүйесінің мониторингі, Қазақстан Республикасында ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу технологиясы арқылы студенттер контингентін қалыптастыру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, орта және жоғары білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды, білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асырады.

Ұлттық тестілеу орталығында 2006 жылдан бастап азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі - ҚАЗТЕСТ енгізіле бастады. ҚАЗТЕСТ жүйесі – Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асыратын шетел азаматтарының мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалаудың жалпыға ортақ отандық жүйесі.

Сілтемелер