Халықаралық ынтымақтастық

    Ұлттық тестілеу орталығы 1975 жылы Hью-Джерси Америка қаласында ұйымдастырылған Білім беруді бағалаудағы халықаралық қауымдастықтың (International Association for Educational Assessment IAEA) мүшесі болды.

    Ұйымның мақсаты:

    1. Конференциялар мен басылымдар арқылы тәжірибе алмасу арқасында білім берудің академиялық деңгейін бағалайтын ұйымдар арасындағы байланысты нығайту; зерттеулер мен оқыту жобаларын өткізу аясында бірлескен жұмыстар ұйымдастыру.

    2. Білім беру саласындағы проблемаларды шешу үшін қолайлы бағалау технологияларын іздестірудегі ынтымақтастық.

    3. Бағалау технологиясын жақсарту бойынша іс-шараларға қатысу және қатысушы-мемлекеттердің білім беру құрылымына енгізу.

    Жыл сайын Қауымдастық конференциялары әртүрлі елдерде өткізеді.

    2012 ж.- 38 Халықаралық Конференция IAEA –Астана қ.(Қазақстан).

    Тақырыбы: «Білім беру мекемесі мен жеке тұлғаға жақсы әсер беру мақсатында бағалау рәсімін модельдеу».

    2013ж. – 39 Халықаралық Конференция IAEA – Тель-Авив қ.(Израиль).

    Тақырыбы: «Білім сапасын бағалау: Білім беруді бағалаудың технологиясы»

    2014 ж. – 40 Халықаралық Конференция IAEA –Сингапур қ.

    Тақырыбы: «21 ғасырдың инновацияларын бағалау».

    2013 жылдан бастап ҰТО Білім беру сапасын бағалаудың Еуразиялық қауымдастығының (БСБЕҚ) мүшесі болып табылады.

    БСБЕҚ, ТМД елдері мен РФ білім беру сапасын бағалау саласындағы ұйымдар мен мамандардың ұйымдасқан бірлестігі ретінде 2012 жылы маусым айында білім беру сапасын бағалау саласындағы ТМД елдері және Ресейдің сарапшы әлеуетін кеңейту, алға жылжыту және нығайту, сонымен қатар Еуразия аймағында білім беру сапасын бағалау тәжірибесін тарату мақсатында құрылды.

    2012 жылы БСБЕҚ-ның І Халықаралық конференциясы Ресей Федерациясы, Москва қаласында өтті.Тақырыбы: «Біріктіру, серіктестік, инновация».

    2013 жылы БСБЕҚ-ның II Халықаралық конференциясы Беларуссия Республикасы, Минск қаласында өткізілді. Тақырыбы: «Мектептегі білім беру мониторингі- мемлекетаралық ынтымақтастықтың болашағы».

    БСБЕҚ-ның ІІІ Халықаралық конференциясы 2014 жылдың 7-8 қараша аралығында Астана қаласында өткізілді.Тақырыбы: «Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін дамытудағы бағыттар мен ерекшеліктер».

    Халықаралық ынтымақтастық екіжақты келісімдер мен меморандумдар аясында өтеді.

    2007 жылы білім сапасын бағалау аясындағы ынтымақтастық туралы Әзірбайжан Республикасы Талапкерлерді қабылдау жөнінде Мемлекеттік комиссиясы, Ресей Федерациясының Білім беру саласындағы Ұлттық аккредитациялық агенттігі мен ҰТО арасында келісімшартқа қол қойылды.

    2013 жылдың 15 қарашада Ұлттық тестілеу орталығы мен TOMER Орталығының (Түрік Республикасы, Анкара қаласы, Гази Университеті, түрік тілін оқыту, зерттеу және қолдану орталығы) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

    2014 жылдың «Экономика жоғары мектебі» Ұлттық зерттеу университеті мен ҰТО арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Меморандум аясында келесідей оқыту семинарлары өткізілді: 2014 жылдың 17-18 наурыз аралығында : «Тест тапсырмаларының құрастыру әдістері», 31 наурыз бен 3 сәуір аралығында «Тест қорытындыларын статистикалық өңдеу мен талдау қорытындысы».

    2014 жылдың 6 қарашада «Халықаралық контекстегі мектеп білімін бағалайтын ұлттық жүйені дамыту» атты оқыту семинары өткізілді.

    Педагогикалық өлшем институты (CITO, Нидерланды) және Educational Testing Service (ETS,АҚШ) сияқты атақты орталықтармен жақсы қарым-қатынас орнатылған. Ынтымақтастықтың аясында біліктілігін арттыру бойынша бірнеше жоба жүзеге асырылды.2014 жылдың 17 мен 20 ақпан аралығында CITO International (Нидерланды) компаниясының сарапшысы Хенни Такстың жүргізілуімен оқыту семинары өткізілді.Семинардың тақырыбы: «Компьютерлік тестілеудің негізгі принциптерін еңгізу», 2014 жылдың 3-4 желтоқсан аралығында (Нидерланды) Арнем қаласында «Компьютерлік тестілеу және тестілеудің психометриялық талдау қорытындылары» бойынша өткен семинарда ҰТО қызметкерлері қатысты.

    Сілтемелер