2014 жылғы ҰБТ өткізу қорытындылары туралы ақпарат

    Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес және Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізудің бекітілген кестестінің негізінде республика бойынша ҰБТ 2 және 8 маусым аралығында өткізілді.

    Тестілеу республиканың барлық облыс орталықтарында және көпшілігінде аудан орталықтарында орналасқан 155 тестілеуді өткізу пункттерінің базасында өткізілді.

    Тестілеуге қатысуға өтініш берген 92086 бітірушінің 87593-і тестілеуге қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 61678, орыс тілінде – 25915 бітіруші.

    Тестілеу нәтижесі бойынша 20232 бітіруші (23,11%) өту деңгейі – 50 балдан аса алмаған, соның ішінде 14746 қазақ тілінде және 5486 орыс тілінде оқитындар.

    4660 бітіруші 90 балдан жоғары (конкурстық пәндер бойынша) жинаған. 4 бітіруші ең жоғары 125 балды жинаған.

    Тестілеу кезінде тәртіп сақтау ережесін бұзғаны және тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін 29 бітіруші аудиториядан шығарылып, олардың тест нәтижелері жойылды.

    Тестілеу аяқталғаннан кейін барлық ҰБТ-ға қатысушыларға пәндер бойынша жинаған балдары көрсетілген сертификаттар берілді. Осы сертификаттың негізінде олар нормативтік құжаттарда белгіленген қажетті ең төменгі балды жинаған жағдайда жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсуге және білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға құқылы.

    Сілтемелер