Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау кезіндегі білім алушыларды кешенді тестілеу

    Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау кезіндегі кешенді тестілеу (бұдан әрі – кешенді тестілеу) 1999 жылы енгізілді, бұл тестілеу жоғары және бітіруші курс студенттеріне жүргізілетін, 2003 жылдан бастап тестілеу бітіруші курс студенттеріне жүргізіліп келеді.

    Мемлекеттік аттестаттау кезінде өткізілетін кешенді тестілеудің мақсаты студенттердің білім деңгейін бағалау және білім сапасын обьективті жақсарту болып табылады.

    Міндеттері:

    - белгіленген мемлекттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім деңгейін анықтау;

    - білім алушылардың білім деңгейін және білім сапасын бағалаудың обьективтілігін жоғарлату;

    - білім беру ұйымдарындағы білім беру қызметтерінің сапасын салыстыру.

    Кешенді тестілеу төрт пәннен негізгі және профильді пәндерден өткізіледі, ол пәндер жоғары білім беруге арналған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының міндетті компонентіне сәйкес болуы керек.

    Әр пән бойынша сұрақ саны - 30. Жалпы тестілеудегі сұрақтардың саны - 120. Тестілеу уақыты - 180 минут.

    Мемлекеттік аттестаттау кезіндегі кешенді тестілеу бойынша білім алушылардың білім деңгейлерін бағалау шкаласы:

    - Сұрақтардың 88-100% дұрыс жауап берген білім алушылар «өте жақсы» деп бағаланады;

    - Сұрақтардың 75-87% дұрыс жауап берген білім алушылар «жақсы» деп бағаланады;

    - Сұрақтардың 60-74% дұрыс жауап берген білім алушылар «қанағаттандырарлық» деп бағаланады;

    - 60% -дан төмен - «қанағаттандырарлықсыз».

    Кешенді тестілеуден өтетін білім алушылардың саны білім алушылардың жалпы тізімінің 95 % -нан кем болмауы керек. Кешенді тестілеудің қорытындысын бағалау әр мамандық бойынша негізгі өлшемі: нақты мамандықтар бойынша білім алушылардың оңды бағаларының 70 пайызы болуы керек.

    Сілтемелер