Тест тапсырмаларын қалыптастыруды ұйымдастыру

    Тестерді қолдану мақсаты : барлық деңгейдегі білім алушылардың білім жетістіктерін бағалау, педагог қызметкерлердің біліктілік талаптарға сай біліктілігін анықтау

    Қолдану аясы:

    - Ұлттық бірыңғай тестілеу(ҰБТ)

    - Мемлекеттік аралық бақылау (МАБ)

    - ЖОО мемлекеттік аттестаттау (МА)

    - Талапкерлерді кешенді тестілеу ( ТКТ)

    - Докторантура, магистратурға қабылдау емтихандары

    - Кандидаттық емтихандар

    - Педагог қызметкерлерді аттестаттау

    Тестердің құрылысы

    - 4-сынып МАБ – 1 пән, 20 тест тапсырмалары

    - 9-сынып МАБ- 3 пән бойынша 30 тест тапсырмаларынан

    - ҰБТ – 5 пән бойынша 25 тест тапсырмаларынан

    - ТКТ – 4 пән бойынша 25 тест тапсырмаларынан

    - ЖБ МАБ – 5 пән бойынша 25 тест тапсырмаларынан

    - МА – 4 пән бойынша 30 тест тапсырмаларынан

    - Тіл бойынша докторантура, магистратурға қабылдау емтихандары- 3 блок бойынша 100 тест тапсырмалары: тыңдалым -20, лексика-грамматикалық тест-50, оқылым -30 тест тапсырмалары

    - Кандидаттық емтихандары – 100 тест тапсырмалары

    - Педагог қызметкерлерді аттестаттау - 3 блок бойынша 80 тест тапсырмалары: Пәндік білімдер негіздері -40, ҚР заңнамасын білу -20, Педагогика және психология негіздері – 20 тест тапсырмалары

    ҚР білім және ғылым министрі бекіткен Авторлық ұжым мен Сараптама кеңесіне білікті орта мектеп мұғалімдері мен әдіскерлері, ғылым докторлары және ғылым кандидаттары, ЖОО доценттер мен профессорлары кіреді.

    ҰТО әдістемелік-нұсқаулық құжаттары:

    - МЖМБС негізінде пән бойынша тест спецификациясы;

    - тест тапсырмаларын әзірлеу және сараптау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

    Ғылыми қызмет: Тест тапсырмаларын әзірлеушілер мен сарапшыларды даярлау және білім деңгейлерін көтеру мақсатында, ҰТО жыл сайын ғылыми-тәжірибелік семинарлар өткізіп отырады.

    Сілтемелер