Педагог қызметкерлерді біліктілікке тестілеу

    Педагог қызметкерлерді аттестаттау рәсімін сыртқы білім сапасын бағалаумен қамтамасыз ету үшін 2010 жылдан бастап Педагог қызметкерлердің біліктілігін тестілеу өткізіледі.

    Педагог қызметкерлердің аттестациясының мақсаты: педагог қызметкерлердің біліктілік деңгейі ҚР Білім және ғылым Министрлігінің орнатқан педагог қызметкер құзыреттілігінің біліктілік талаптарына сәйкестік деңгейін анықтау. Әрбір педагог қызметкер бес жылда бір рет аттестациядан өтуі қажет. Кәсіби жетістіктерге жеткен мұғалімдер ерікті түрде, мерзімінен бұрын аттестациядан өтуіне болады. Аттестаттаудың негізгі қағидаттары аттестатталатын педагог қызметкерге, объективті, ашықтық және алқалық қатынасты қамтамасыз ететін; ішкі және сыртқы бағалаудың жүйелілігі мен тұтастығы болып табылады.

    ҚР Білім және ғылым Министрлігі 2011 жылдың 31 наурызындағы № 119 өзгерісімен бекітілген Ережесіне сәйкес, ерікті біліктілік тестілеу – біліктілік санатты арттыру және растау кезінде кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау үшін өткізілетін педагог қызметкерді аттестаттау кезеңдерінің бірі.

    ПҚБТ келесі нормативтік құқықтықтың актілер негізінде өткізіледі:

    - ҚР Еңбек кодексі;

    - ҚР «Білім туралы» заңы;

    - Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары;

    - Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережелері;

    - Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуін ұйымдастыру мен өткізу нұсқаулығы.

    Қабылданған форматқа байланысты ПҚБТ компьютерлік тестілеу түрінде өтеді, білімді «ҚР заңнамасын білу», «Педагогика және психология негіздері» бөлімдерін тексеруге сәйкес өтеді.

    1 Таблица

    Тестілеу уақыты – 120 минут, математика, физика және химия мұғалімдеріне – 135 минут беріледі.

    Орташа есеппен бір блокты орындауға 40 минут, «Математика», «Физика», «Химия» пәндеріне -55 минут беріледі.

    Егерде әр міндетті блоктан 50%, және пәндік блоктан 70% дан артық жауап берсе тестілеу сәтті өтті деуге болады.

    «ҚР заңнамасын білу» блогы педагог қызметкерлердің ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы», «Бала құқығы» заңдарын, ҚР еңбек кодексі бойынша білімін тексереді. «Педагогика және психология негіздері» блогы жалпы және педагогикалық психология, оқу процесін басқару мен ұйымдастыру, тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі бойынша тапсырмалардан тұрады. «Негізгі пәндік білім» блогы мұғалім жүргізетін пәннің оқу бағдарламасын толық қамтиды, бірақ бұл блоктың тапсырмалары маманға арналғандықтан оқушылар мен талапкерлерге арналған тест тапсырмаларынан бір шама күрделі болып келеді.

    Қазіргі уақытта ҰТО мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім, білім ұйымдарының психолог пен кітапханашыларына арналған тест тапсырмаларының базасы құрылған.

    Тестті қалыптастыру барысындағы негізгі құжат тест спецификациясы болып табылады. Тест спецификациясында үлкен дидактикалық бірліктер тізімі орнатылады, тест тапсырмаларының сипаттамасы мен түрі бейнеленеді, түрлі қиындық деңгейіндегі тапсырмаларының саны анықталады, тестті орындау уақыты және бағалау жүреді.

    Осы жылдан бастап, педагог қызметкерлердің аттестациялауға дайындығына арналған ҰТО сайтында (www.testcenter.kz) сынақ web-тестілеуі өткізіледі. Сынақ тестілеуін өткізу технологиясы негізгі біліктілік тестілеуінің технологиясымен сәйкестендірілген, яғни тестіленуші сол арқылы өзінің біліктілік деңгейін тексеріп, аттестацияға дайындалып және бағдарламалық құрылымның интерфейсімен таныса алады. Тестілеу нәтижесі сол мезетте шығады, әр тестіленуші 5 (бес) рет тестілене алады, және тестілеуден өту уақытын өзі белгілей алады.

    ПҚБТ жергілікті Білім басқармаларымен келесі схема бойынша ұйымдастырылады.

    ПҚБТ ұйымдастырудың технологиялық схемасы

    Байқау тесттері

    Тест спецификациялары

    Онлайн сынақ тестілеуін өту

    Сілтемелер