Жоғары білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау

ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН СЫРТТАЙ БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ

Мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) 2004 жылдан бастап мемлекеттік бақылаудың бір түрі болып табылды және жоғары оқу орындарының 2(3) курс студентеріне өткізілді. Министрлік белгілеген төменгі шекті деңгейден өте алмаған білім беру ұйымдары кезектен тыс аттестаттауға жататын. Бақылаудың бұл түрі өзінің маңызын және өзіне жүктелген міндеттерді атқарды.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына байланысты және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына білім беру ұйымдарына тәуелсіз оқыту сапасына мониторинг жүргізу үшін сәйкес 2011-2012 оқу жылында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) рәсімі енгізілді.

Білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ның міндеттері:

1) білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді жүзеге асыру;

2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;

3) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау жасау болып табылады.

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ның білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (МЖМББС) кіретін жекелеген пәндерді білім алушылардың меңгеру деңгейін анықтау мақсатында соңғы курс студенттері үшін жүзеге асырылады

ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында қағаз тасымалдағышты пайдалана отырып өткізіледі. Оқыту бағыттары бойынша жоғары білім мамандықтарының және ОЖСБ өткізілетін жоғары оқу орындарының тізбесін жыл сайын уәкілетті орган белгілейді. ОЖСБ-ны өткізу үшін МЖМББС-ның базалық және бейіндік пәндерінің циклдары бойынша әзірленген тест тапсырмалары пайдаланылады.

ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында 4 пән бойынша, уәкілетті орган белгілеген мерзімде өткізіледі. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25, 4 пән бойынша тест тапсырмаларын орындауға 150 минут (2,5 сағат) бөлінеді.

Сілтемелер