Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін түсу емтихандары

    Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіби оқу бағдарламалары жоғары дәрежелі (білікті) ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындап, олардың ғылыми және педагогикалық дайындық деңгейін дәйектілікпен жоғарылатуға бағытталған.

    Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес, Магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантураға түсуші азаматтар шет тілінің бірі бойынша (ағылшын, француз, неміс) түсу емтихандарын тапсырады; магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантураға түсуші шетел азаматтары қазақ немесе орыс тілдері бойынша (оқыту тілі) түсу емтихандарын тапсырады.

    Шетел, қазақ және орыс тілдері бойынша түсу емтихандары Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша кешенді тестілеу үлгісінде аймақтық орталықтарда тапсырылады.

    Шетел, қазақ және орыс тілдерінен түсу емтихандарын жүзеге асыру кезіндегі кешенді тестілеу өткізу Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес жүргізіледі.

    Үміткерлердің түсу емтихандарына дайындалуы үшін Ұлттық тестілеу орталығы шетел тілдері пәндерінен оқу-әдістемелік құралдарын басып шығарады.

    Бұдан бөлек, кешенді тест гуманитарлық және жалпы техникалық саладағы шетелдік құзыреттілік азаматтарының түрлі жағдаяттағы (әлеуметтік тұрмыстық, әлеуметтік мәдени, әлеуметтік саяси, ғылыми кәсіби) коммуникативті тілдік құзіреттілікті қалыптастыру деңгейлерін анықтайды. Тестке А1, А2, В1, В2, С деңгейлерінің тест материалдары енген.

    Бір тапсырманың орындалу уақыты -1-2 минут.

    Бір тест нұсқасындағы тапсырмалар саны – 100 тапсырма.

    Барлық тест тапсырмаларының орындалу уақыты – 155 минут.

    Тест үш бөліктен тұрады:

    I Бөлік – Тыңдалым (Мәтін тыңдау)

    Тілдік және мән-мәтіндік (контекстуалдық) дағдыларға негізделген елтанымдық және кәсіби саладағы тілдік материалдарға сүйене отырып, мәтінді ауқымды және жалпы түсіну, кейбір бөліктерін түсіну, мәтін тақырыбын, идеясын анықтай алу деңгейлері тексеріледі.

    Бұл бөлікте тыңдауға 4 мәтін және әр мәтінге 8 тест тапсырмасы беріледі. Тыңдалымға ұсынылған материал 1 минуттық үзілісті сақтай отырып, 2 қайтара жазылған. Әр мәтінді тыңдап болған соң, оған арналған тест тапсырмаларын орындауға уақыт беріледі.

    Тыңдалым тапсырмаларын орындау уақыты – 50 минут.

    II Бөлік – Лексика грамматикалық тест

    Бұл бөлікте 32 тест тапсырмасы беріледі. Бөліктегі ұсынылынған тест тапсырмалары тілдік норма бойынша (лексика грамматикалық) білім деңгейлерін анықтауға, лингвистикалық түсініктерді (фонетикалық, лексикологиялық, грамматикалық) меңгеруге, тілдік құбылыстарды талдауда түрлі әрекеттерді игеруге мүмкіндік береді.

    Лексика-грамматикалық тапсырмалардың орындалу уақыты – 35 минут.

    III Бөлік – Оқылым

    Оқылымға арналған тест тапсырмаларының мақсаты: берілген ақпараттар көлемінен өзіне қажеттісін табу, аутентикалық (түп нұсқалық) сипаттағы түрлі жанрдағы мәтіндердің мазмұнын түсіну, соның ішінде публицистикалық мақалаларды, олардың логикалық сәйкестілігін пайымдай алу.

    Бұл бөлікте оқуға 3 мәтін және әр мәтінге 12 тест тапсырмасы берілген. Әр мәтінді оқып болған соң, оған арналған тест тапсырмаларын орындауға уақыт беріледі.

    Оқылым тест тапсырмаларын орындау уақыты – 70 минут.

    <a href='http://old.testcenter.kz/?tab=download&idd=89'>Cпецификации ПВО 2014</a></br>

    <a href='http://old.testcenter.kz/?tab=download&idd=90'>Пробный тест ПВО 2014</a>

    Сілтемелер