Талапкерлер үшін байқау сынағы

Кешенді тестілеуге дайындалу үшін талапкерлер (мектеп және колледж бітірушілері) өзіне ыңғайлы ҰТО-ның филиалында байқау сынағын тапсыра алады немесе оқу-әдістемелік құралдарын сатып алуына болады.

Байқау сынағы ерікті түрде талапкерлердің тестілеуге дайындық деңгейін көтеру және тестілеу технологиясы туралы хабардар болуы мақсатында өткізіледі.

Білім беру ұйымындағы білім деңгейіне тестік бақылау өткізу кезіндегі қосымша қызметтер бағасының Прейскурантына сәйкес, мектеп бітірушілер мен талапкерлер үшін байқау сынағынан өту бағасы – 351 теңге, жоғары оқу орындарына түсу үшін оқу-әдістемелік құралдарының бағасы – 414 теңге.

ҰТО филиалдары республиканың барлық облыс және көптеген аудан орталықтарында орналасқан. Қазіргі уақытта олардың саны 155, соның ішінде 44-і жоғары оқу орындарының және 111-і мектептердің базасында орналасқан.

ҰТО филиалдары:

Сілтемелер