Жоғары оқу орындарына түсушілер үшін байқау сынағы мен оқу-әдістемелік құралдары

    Бітірушілердің ҰБТ-ға, ТКТ-ға дайындық деңгейлерін көтерудің және оларды тестілеу технологиясымен хабардар етудің негізгі тәсілі - ҰБТӨП базасында (Ұлттық тестілеу орталығының филиалдары) өткізілетін байқау сынақтары. Көптеген ҰБТӨП-терде байқау сынағы ҰБТ, ТКТ кезінде пайдаланылатын аудиториялық қорды қолдану арқылы ҰБТ, ТКТ кезіндегідей жағдайларға барынша жақын өткізіледі.

    Байқау сынағы бітірушінің ерікті түрде қатысуымен өткізіледі. Сынақ барлық қатысушыларға өз білім деңгейлері мен алдағы тестіленуге дайындығын бағалауға мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар, тестілеуге тестілеудің барлық пәндері бойынша қазақ және орыс тілдерінде әзірленетін оқу-әдістемелік құралдарының көмегі арқылы дайындалуға болады.

    2011-2012 оқу жылының басынан бастап ҰТО-ның барлық филиалдары тестілеудің барлық пәндері бойынша байқау сынағының сұрақ-кітапшалары мен оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етілді.

    Ағымдағы жылы талапкерлерді жоғары оқу орындарына қабылдауды реттейтін әсіресе, колледж бітірушілеріне қатысты нормативтік құжатқа өзгеріс енгізілді. Сонымен, колледж бітірушілері жоғары оқу орындарына түсу үшін ары қарай оқу нысанына қарамастан міндетті түрде кешенді тестілеу тапсырады.

    Кешенді тестілеуге дайындалу үшін колледж бітірушілері өзіне ыңғайлы ҰТО-ның кез-келген филиалында байқау сынағынан өтіп немесе оқу-әдістемелік құралын сатып ала алады. Білім беру ұйымындағы білім деңгейіне тестік бақылау өткізу кезіндегі қосымша қызметтер бағасының Прейскурантына сәйкес, мектеп бітірушілер мен талапкерлер үшін байқау сынағынан өту бағасы - 255 теңге, жоғары оқу орындарына түсу үшін оқу- әдістемелік құралдарының бағасы – 260 теңге.

    ҰТО филиалдары республиканың барлық облыс және көптеген аудан орталықтарында орналасқан. Қазіргі уақытта олардың саны 154, соның ішінде 47-і жоғары оқу орындарының және 107-і мектептердің базасында орналасқан.

    Сілтемелер