27.02.2015 - «Педагогикалық өлшемдер әдістемесі және теориялық негіздері» тақырыбындағы авторлық курс

2015 жылдың 23 мен 27 ақпан аралығында Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлері белгілі тестолог-ғалымы, Ресей Федерациясының «Педагогические измерения» ғылыми-практикалық журналының бас редакторы, профессор Вадим Сергеевич Аванесовтың «Педагогикалық өлшемдер әдістемесі және теориялық негіздері» тақырыбындағы авторлық курсына қатысты.

Курстың мақсаты – жоғары оқу орындары студенттері мен мектеп оқушыларына ағымдық мониторинг және қорытынды аттестаттау жүргізу және тестті әзірлеу түрі мен әдісі бойынша тыңдаушыларды дайындау.